А320 ұшағының екінші ұшқышы апат орын алардан бұрын ем қабылдаған - Франция - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А320 ұшағының екінші ұшқышы апат орын алардан бұрын ем қабылдаған - Франция

А320 ұшағының екінші ұшқышы апат орын алардан бұрын ем қабылдаған - Франция

Альпі тауларында апатқа ұшыраған неміс компаниясының Germanwings ұшағының екінші ұшқышы Андреас Лубиц суицидке бейімділігіне байланысты дәрігерге қаралған.

  • 31 Наурыз 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы кеше АП агенттігі Германия прокуратурасына сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
А.Лубиц ұшқыш болардан бұрын бірнеше жыл бойы өзіне қол салуға бейімді болуына байланысты психотерапия курсынан өткен.
Испаниядан ГФР-ге жол тартқан Germanwings әуе компаниясының А320 ұшағы өткен сейсенбі күні Францияның оңтүстігінде таулы жерде апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында 144 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды. Олар түгел қайтыс болды.