Ақылы 2-ші техникалық санаттағы жолмен жүру жеңіл көліктер үшін тегін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақылы 2-ші техникалық санаттағы жолмен жүру жеңіл көліктер үшін тегін болады

Ақылы 2-ші техникалық санаттағы жолмен жүру жеңіл көліктер үшін тегін болады

 Қазақстандық ақылы 2-ші техникалық санаттағы жолдармен жүру жеңіл көліктер үшін тегін болады,

  • 31 Наурыз 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
"1-ші техникалық санаттағы жолдарда барлық көліктер ақы төлейді, ал 2-ші техникалық санаттағы жолдарда ақы жүк көліктерінен алынады», делінген ақпаратта.
Алдында хабарланғандай, Қазақстанда республикалық мәні бар жолдардың үштен бір бөлігін 2022 жылға дейін ақылы ету көзделген.
Ақы "Астана-Алматы", "Астана–Өскемен", "Астана–Ақтөбе–Атырау–Ақтау", "Алматы–Өскемен" жолдарымен жүретін көліктерден алынатын болады, бұл жолдар "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жөнделіп, салынып отыр.
Алдында белгілі болғандай, Қазақстанда 2020 жылға дейін жолдарды салу мен қайта жөндеу үшін 2,4 трлн теңге жұмсау көзделген.
Мемлекеттік "ҚазАвтоЖол" АҚ 2013 жылы ақпан айында құрылған, ол Қазақстанда автомобиль жолдарын басқарушы оператор ретінде белгіленген.