Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған Татьяня Шевцова-Валоваға қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған Татьяня Шевцова-Валоваға қатысты сот үкімі шықты

Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған Татьяня Шевцова-Валоваға қатысты сот үкімі шықты

Алматының Алатау аудандық соты сейсенбіде қала тұрғыны Татьяня Шевцова-Валованы әлеуметтік

  • 31 Наурыз 2015
  • 588
Фото - Caravan.kz


желіде ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін шартты мерзімге соттады.

"Судья Шевцова-Валованы 164 бап бойынша (Қазақстанның бұрынғы Қылмыстық кодексі, әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздыру) кінәлі деп таныды және төрт жылға соттады, сынақ мерзімі үш жыл, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне соттан.
Сонымен қатар сотталушы 44884 теңге көлемінде сот шығындарын төлеуге тиіс.
"Компьютерлік технологиялар сараптамасы оның сол күні өз атымен интернеттегі парақшасына кіргендігін көрсеткен. Дәлелдер оның кінәлі екендігін көрсетіп отыр”, деді агенттікпен әңгімелесуші.
Сотталушы болса кінәсін мойындаған жоқ, парақшаны бұзып кірген, деп мәлімдеуде.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
2014 жылы көктемде Т.Шевцова-Валова үстінен әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірнешеуі интернеттегі жанжалды сөздері үшін сотқа арыз берген болатын. Сот талқысы кезінде ол үй ішіндегі қамауда болды.