Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Солтүстік өңірде жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Солтүстік өңірде жүр

Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Солтүстік өңірде жүр

Сондай-ақ, Тұрғын Сыздықов та Солтүстік өңірде тұғырнамасын таныстырып жүр. Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан додаға түсіп жатқан кандидатқа Петропавлдағы штабы бірнеше зауыт еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырып қойыпты.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 189
Фото - Caravan.kz

«Әділетті әлеуметтік қоғам құру» туралы партия ұстанымы кеңінен мұнда да сөз етілді. Тек бұл жолы жиынға негізінен тамақ өндіруші кәсіпорын қызметкерлері жиналған. Сондықтан коммунистер қозғаған мәселе де отандық азық-түлік саласы жайында болды. Әсіресе, сапа төңірегінде. Сыздықовты бүгінгінің азығы – фаст-фудтың қаптауы қатты алаңдатады екен. Бұдан бөлек, штаб кездесу барысында қазақ мәдениетінің бір саласы – кинематографияның жайын да біраз қозғады.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Жалпы, Батыстың кемшіліктерін мәдениет саласында көруге болады. Мысалы, кинематографияны алайықшы. Ондағы барлық стандарттар зорлық-зомбылыққа, азғындыққа тәрбиелейді. Тек осының өзі ғана батыстық өркениеттің дамуына көлеңке түсіріп отыр.