Атырауда қатты желден нысандар зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қатты желден нысандар зардап шекті

Атырауда қатты желден нысандар зардап шекті

Маңғыстау облысын екі күн бойы әурелеген дауыл Атырау жұртын да біраз әбігерге салды. Дүлей желдің салдарынан әлеуметтік нысандарға айтарлықтай зақым келген. Дауыл тұрғын үйлердің шатыры мен қабырғаларындағы сылақты да жұлып түсірді.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Мәселен, жаңадан салынған мына үйді енді тағы жөндеу қажет. Жапа шеккен ешкім жоқ. Дегенмен үш күн қатарынан топырағын сапыра соққан дүлей желдің кесірінен кей жерлерде көлік қатынасы қиындаған. Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа-райы аймақта әлі де бірнеше күн сақталуы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі дауыл басылғанша тұрғындардан далаға шықпауды сұрап отыр.