Дәрігерлер прокурордың өмірін құтқара алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер прокурордың өмірін құтқара алмады

Дәрігерлер прокурордың өмірін құтқара алмады

Дәрігерлер басына 3 оқ тиген Ыстамбұл Әділет сотының прокуроры Мехмет Селим Кираздың өміріне араша түсе алмады. Бес жерінен жараланған прокурор ауруханада жан тапсырды, деп жазады 24.kz.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Халықты азат ету революциялық партиясының мүшелері Ыстамбұл қаласының прокуроры Мехмет Киразды кепілдікке алған болатын. Прокурор 2013 жылы жаппай тәртіпсіздік шаралары кезінде басына жарақат алып, қайтыс болған бозбала Беркин Елванның ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізген.

Қылмыскерлер жергілікті уақыт бойынша 15:35-ке дейін Беркиннің өліміне кінәлі тәртіп сақшысы ұсталып, жауапқа тартылмаса прокурорды өлтіреміз деп мәлімдеген еді.