Сәрсенбіде облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайластыққа қарсы күресу жөніндегі департаменттен хабарлағандай, 34 жастағы шенеунік өткен сейсенбіде дүкенді пайдалануға беру туралы актіге қол қойғандығы үшін 50 мың теңге пара алу кезінде ұсталған.
Бұл фактіге орай “қорқытып пара алу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді департаменттен.