Петер Сийярто: Қазақстан - Мажарстан үшiн Азиядағы ең басты әрiптес - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петер Сийярто: Қазақстан - Мажарстан үшiн Азиядағы ең басты әрiптес

Петер Сийярто: Қазақстан - Мажарстан үшiн Азиядағы ең басты әрiптес

Қазақстан - Мажарстан үшiн  Азияда ең басты әрiптес. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто мәлiм еттi. 

  • 1 Сәуiр 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Мажарстан үшiн Қазақстан — Азияда ең басты әрiптес. Елдер арасындағы сауда-саттық соңғы 5-10 жылда 200 млн. долларға жеткенiмен, оның деңгейi әлi де төмен. Бұл — арадағы әрiптестiктiң әлеуетi әлi жоғары деген сөз. Орталық Еуропа елдерi Еуропа экономикасының қозғаушы күшi ретiнде бағалануда, ал Қазақстан аймақтағы көшбасшы ел ретiнде белгiлi, сондықтан өсiмнiң әлеуетi баршылық», — дедi ол. 

Айта кетейiк, бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтуде. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысып жатыр. Түстен кейiн форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысады деп күтiлуде. Форумның қорытындысында бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қойылады.