Өткен айда баға мұнайға 5,7 пайызға жоғарылап, бензинге 0,5 пайызға төмендеді - ҰЭМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен айда баға мұнайға 5,7 пайызға жоғарылап, бензинге 0,5 пайызға төмендеді - ҰЭМ

Өткен айда баға мұнайға 5,7 пайызға жоғарылап, бензинге 0,5 пайызға төмендеді - ҰЭМ

Өткен айда бағаның мұнайға - 5,7 пайызға жоғарылауы, ал мазутқа - 4 пайыз, дизельдік отынға - 2,6 пайыз, металл кендеріне - 2,5 пайыз, көмірге - 1,6 пайыз, бензинге - 0,5 пайызға төмендеуі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 474
Фото - Caravan.kz


Министрліктің мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде — 7,2 пайызға жоғарылап, өңдеу өнеркәсібінде — 0,5 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімге баға 4 пайызға қымбаттаса, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.

«Баға қорғасынға — 15,2 пайыз, мырышқа — 8,5 пайыз, қара металдар илегіне — 3 пайыз, мысқа — 2,5 пайыз, ферроқорытпаларға — 0,3 пайызға жоғарылады, асыл металдарға — 2,8 пайызға, алюминийге — 1,4 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, есепті кезеңде бағаның қарақұмық жармасына — 5,6 пайыз, қара бидай ұнына — 4,9 пайыз, мал етіне — 2,5 пайыз, құс етіне — 2,4 пайыз, өсімдік майына — 2 пайызға, сүт өнімдеріне және қантқа — 0,7 пайыздан, балыққа — 0,6 пайызға төмендеуі тіркелді», — делінген баспасөз баянында.