Қазақстандықтардың президенттік сайлау барысы туралы шынайы ақпарат алуына жағдай жасалды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың президенттік сайлау барысы туралы шынайы ақпарат алуына жағдай жасалды ма?

Қазақстандықтардың президенттік сайлау барысы туралы шынайы ақпарат алуына жағдай жасалды ма?

 ОСК Қазақстан президентін сайлау жөнінде сайлау алды науқанын жазып жатқан БАҚ материалдарына жүргізілген мониторингтің аралық нәтижелерін қарап,

  • 1 Сәуiр 2015
  • 476
Фото - Caravan.kz


сайлаушыларға электронды науқан туралы толық және объективті ақпарат алуға барлық жағдай жасалған, деген тұжырымға келді.
"Сайлау белгіленген сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары оны жан-жақты жазуға барынша кірісіп кетті. Ақпараттық кеңістік сайлау үрдісі, сайлау процедуралары, кандидаттар туралы материалдарға толықты”, деп атап өтілген сәрсенбіде ОСК таралған ақпаратта.
ОСК айтуынша, мониторинг 53 республикалық басылымды,16 республикалық телеарнаны, 179 аймақтық басылымды, 29 аймақтық телеарнаны,7 ақпарат агенттігі мен танымал 117 қоғамдық- саяси интернет-ресурсты қамтыған.
ОСК мәліметтеріне қарағанда, 25 ақпан мен 25 наурыз аралығында аймақтық БАҚ-да сайлау тақырыбына орай 10990 материал жарық көрген, республикалық телеканалға эфирге 1473 сюжет шыққан (21%), газетте 731 мақала шыққан (10 %), интернет-ресурстарға 4850 жарияланым берілген (69%).
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26-сәуір күнге белгіленген.