Құсайынов қостанайлықтарға табиғатты аялауды үйретті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құсайынов қостанайлықтарға табиғатты аялауды үйретті

Құсайынов қостанайлықтарға табиғатты аялауды үйретті

Ал тақтан дәмелі келесі үміткер Әбілғазы Құсайынов «Қостанай су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Экология мен өндірістік қауіпсіздікті назарында ұстаған кандидат қоршаған ортаны қорғау төңірегінде сөз өрбітті.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Құсайынов әсіресе, климаттың бұзылуы мен ауаға тарап жатқан өндірістік қалдықтардың табиғатқа келтірер зияны жайында ойлануға шақырды. Айтуынша, қоршаған ортаның бұлай ластануына алдымен адамдардың жауапсыздығы себеп. Сондықтан, балаларды мектептен бастап табиғатты сүюге үйрету керек дейді Әбілғазы Құсайынов. Өйткені білімді ұрпақ экологияны құтқаруға сеп болмақ.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президентігіне үміткер:

-Табиғат ресурстарды тиімсіз пайдалану, табиғи ортаның қалдықтары мен ластануы қоршаған ортаны бұзулуға алып келеді.