«Астана кубогы» ашық чемпионатының алғашқы күні өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа 2000 жылға дейін туған қыз-жігіттер қатысады.
Бірінші күні топтық жарыста 32 адам шеберлік байқасты. Ертең жеке жарыс өтеді, одан соң қуып жарысу жарыстары өтеді.
11 шілдеде, жарыстың қорытынды күні салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Айта кетейік, Астанада велоспорт бұқаралық сипат алуда. Салауатты өмір салтын ұстанушылар елордалық саябақтарда және шағын бақтарда велосипедтерді жалға ала алады.
Бұдан бөлек, елордада Astana Bike жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қалада 110 велопрокат бекетін орнату жоспарланып отыр. Жыл сайын қалада көліктің экологиялық түрін насихаттау мақсатында өткізілетін веложарыстар мен марафондардың саны артып келеді.