Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі бар:
59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев — 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) — 12-шы орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов — 17-шы орында.
Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі) — 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов — 19-шы орында.
Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.