Алғашқы болып 2015 жылы 27 тамызда Алматы-Астана рейсі ұшырылады.
2015 жылдың 27 тамызы мен 24 қазаны аралығында келесі рейстер ұшырылады:
— Алматы-Астана — күн сайын, билет құны бір жаққа 10495 теңгеден басталады;
— Алматы-Павлодар — аптасына үш рейс (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), билет құны бір жаққа 10916 теңгеден басталады;
— Алматы-Шымкент — аптасына төрт рейс (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі), билет құны бір жаққа 10495 теңгеден басталады;
— Шымкент-Павлодар — аптасына екі рейс (сейсенбі, жексенбі), билет құны бір жаққа 14857 теңгеден басталады;
— Шымкент-Қызылорда — аптасына екі рейс (дүйсенбі, сенбі), билет құны бір жаққа 8556 теңгеден басталады.
2015 жылдың 24 қазанынан ұшу жиілігі мен бағыттардың санын ұлғайту көзделген.