«Бүгін таңертең ТЖД кезекшісіне 11:26-да белгісіз бір адам қалада жарылыс болатынын хабарлаған. Алайда, ол жарылғыштың қай жерде екендігін айтпаған. Бірнеше сағат ішінде жедел əрекет ету тобы Əуезов ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті келіншегімен ұрысып қалған соң мас күйінде бұзақылық жасағанын мойындады»,- деді ол.
ҚР ҚК 128-бабына сəйкес күдікті бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабына сəйкес, сотқа дейінгі тергеу ісінің бірыңғай реестріне тіркелді.
Кеше Алматыда белгісіз біреу «Променад» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған болатын. Тексеру нəтижесінде сауда үйінен ешқандай бомба табылмады. Қазір жалған хабар берген адамды анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.