ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты.
«Өздеріңіз кеше естігендей, ҚР Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан жалақы деңгейін көтеру туралы айтып жүрген еді. Енді инфляциялық таргеттеуінен соң президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2016 жылдың қаңтарынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының біліктілігіне байланысты шамамен 27%-ға артады»,- деді Б.Сапарбаев.
Оңтүстік астананың ұстаздар қауымы аталған жаңалықты қуана қабылдады.
Сондай-ақ, шара барысында премьер-министрдің орынбасары мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш маусымды мектептердің жою, жаңа балабақша нысандарының құрылысы туралы да тілге тиек етті.