Пентагон өкілі Питер Куктың мәлімдеуінше, Инджирлик авиабазасына жақын жердегі Адана қаласының шет жақтарында тұратын 900-ге жуық адам көшірілуі мүмкін, деп хабарлайды Би-би-си.
« Елді тастап шығу жөніндегі ұсыныс белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты туындап отырған жоқ. Бұл тек қана сақтық шаралары»,-дейді ол.