КТК тағы үздіктер қатарында! - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК тағы үздіктер қатарында!

КТК тағы үздіктер қатарында!

КТК тағы да үздіктер қатарында! Әріптесіміз Олжас Рамазанов Ресейдің Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық «Щит и перо» байқауының лауреаты атанды.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Қаламды қару еткен тілшілер арасындағы сайысқа ТМД елдерінен 750-ден астам жұмыс келіп түскен. Олардың барлығы полицейлер жайында телевизиялық сюжеттер, мақалалар мен очерктер. Қазылар алқасы солардың арасынан кіл үздіктерді іріктеп алып отыр. Ал оларды марапаттау Ресейдің Пермь қаласында өтті. Жалпы, «Щит и перо» байқауы осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр.