Қол жұмысы тұрмақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайтын жастар бар - Гүлмира Әбіқай - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қол жұмысы тұрмақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайтын жастар бар - Гүлмира Әбіқай

Қол жұмысы тұрмақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайтын жастар бар - Гүлмира Әбіқай

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма басшысы Бағдат Мусиннің форумда ЖИ мен жастарға қатысты айтқан пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

  • 19 Мамыр
  • 3
Фото: Instagram/Гүлмира Әбіқай

Оның сөзінше, алдағы уақытта кеңсе қызметкерлерінің көпшілігі жұмыссыз қалады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның сөзінше алдағы 50 жыл сантехниктер, құрылысшылар мен монтерлердің дәуірі.

«Барлық спикерлерді тыңдап шықтым, бәрі үстіртін айтып жатыр. Бірақ шындығында, әлемнің өзгеріп жатқаны соншалық, тіпті өзім қорқатын болдым. Мен мысалы, програмистпін. 10 жыл бұрын маған кез келген қосымшаны жасау үшін, маған 10-20 адамы бар команда қажет болды. Және оған жарты жылға жуық уақыт кететін.

Қазір, кеше балаларыма да көрсеттім, отбасылық қосымша жасап шығардық. Онда біз файл, пікірлермен алмасамыз. Бірақ ол үшін бізге бар-жоғы 2 сағат қажет болды. Ойлаңыздаршы, 20 адам мен 2 cағат. Және осыған мен бәрін үйретіп келемін. Жалпы мен вайп-кодингтің насихаттаушысымын.

Егер біз сіздермен бірге вайп кодингті үйренбесек, ертең онда біз еңбек нарығында тіпті керек те емеспіз. Мен кеңсе қызметкерлері жайлы айтып жатырмын. Яғни, қазір қолмен жұмыс істейтіндердің заманы. Олар 50 жыл бойы қолмен жұмыс алмайтындардың үстінен қарайтын болады. Яғни, құрылысшы, монтер, сантехниктердің заманы.

Ал кеңседе жұмыс істегендер үшін өте қиын болады. Жай ғана ЖИ негіздері ғана емес, вайп кодингті де үйрену керек. Қазір «менің білімім көп, құзыретім биік» дейтін заман емес. Себебі, сенің қолында GPT чат бар, содан бәрін білуге болады.

Сен кез келген адаммен тең дәрежеде сөйлесе аласың. Сол себепті, сен өзің үшін бәрін істейтін агентті жасай аласың», — деді ол.

Мусиннің пікірін қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай да қолдаған.

«Қазір қол жұмысы тұрмақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайтын жасөспірімдер көп екен, жастар тым икемсіз, тез сынғыш, жаралы…Оларға қазір аспаз, сантехник бол десең бәрі қашады, кезінде бәрі заңгер-экономист болса қазір бәрі менеджмент управлениеге барады», — деп жазды ол.