Сауд Арабиясы билігі шет елдерге кеткен босқындардың Ислам дінін еркін ұстануына осылайша жағдай жасамақ болып шешіпті. Құрылыс жұмыстары жайында Сауд Арабияcы үкіметі Германия билігімен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Еуропаға ағылған босқындар легі алдағы екі жыл ішінде 850 мыңға жуықтауы тиіс. Сондай-ақ, босқындардың көбісі Германия аумағына орналасады деген болжам бар.