Тек, қызанақ пен қиярдың орнына пысықай дихан түгелдей есірткінің тұқымын сепкен. Оны жылыжайларды тексеру кезінде жергілікті полицейлер кездейсоқ байқап қалыпты. 8 жылыжайда жайқалып өсіп тұрған өнімнің жалпы салмағы 3 жарым тоннаға жеткен. Мол өнімнен тек екі сіріңке қорабын сатып, 6-ақ мың теңге пайда көрдім деп ақталыпты өзбек азаматы. 504 түп кендір шөп түгелдей оталып, ал пайдаға кенелмекші болған азамат абақтыға қамалды.
– Суарып қарап жүрдім. Сатуға.
–Қанша рет саттың?
– Бір рет саттым.