Астанада 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Астанада 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Қалалық мәслихаттың 56-шы сессиясының күн тәртібіне Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе енгізілді. 

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 625
Фото - Caravan.kz

Мәслихат отырысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Осы мәселе бойынша Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов баяндама жасады. Бюджеттік қаражатты игеруді мониторингтеу негізінде басқармалар арасында қайта бөлу жолымен жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлық тағайындауларды қайта қарастыру туралы ұсыныстар енгізілді. Қалалық мәслихаттың шешімімен елорданың 2015 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 358 млрд 190 млн теңгені құрады.

Елорданың әлеуметтік көрсеткішінің өсуі қалалық бюджет жоспарының орындалуына әсер етті. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызына дейін жергілікті бюджетке 120 млрд 200 млн теңге түскен. Жоспар асыра орындалып, 5,4 млрд теңгені құрады.

Астана қаласының Білім басқармасына бюджеттен 1 млрд. 162 млн теңге, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге — 1 млрд. 93 млн теңге бөлінеді. Бір адамға күніне 268 теңге бөлінеді. 21 млн теңге мектептерді автономды жылытуға дизель жанармайын сатып алуға, ал қалған қаражат оқулықтарға бөлінеді.

Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Қарттар күніне орай бір реттік төлем жасау үшін 60 млн теңге бөлінді. Денсаулық сақтау басқармасына 2015 жылға 355 млн теңге қарастырылды, қан мен оның құрамын өндіруге — 95 млн теңге, дәрі-дәрмектер сатып алуға — 200 млн теңге және жаңадан берілген екі медициналық орталыққа — 60 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберіс жолдарын жөндеуге 188 млн теңге және «Buslane» жолдарын жасау үшін — 200 млн теңге, сондай-ақ «Астана LRT» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд 66 млн теңге қаражат қарастырылды.


Сонымен қатар, мәслихат сессиясында елорданың құрылысына, қалыптастыруға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Стройконструкция» АҚ Президенті Виктор Буллерге «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 

Соңғы жаңалықтар