Өзбекстан әйелдері бала орнына қуыршақ орап алып, қайыр сұрап келген (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан әйелдері бала орнына қуыршақ орап алып, қайыр сұрап келген (ФОТО)

Өзбекстан әйелдері бала орнына қуыршақ орап алып, қайыр сұрап келген (ФОТО)

Алматыда Өзбекстаннан келген екі азаматша бала орнына қуыршақ орап, алып қайыр сұрап келген. Бұл жайлы 7-17 қыркүйек арасында өткен апталық барысында қалалық полицейлер анықтады.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz

Үш келіншек Медеу ауданының адам көп шоғырланған жерлерінде кәсіп еткен. Олардың біреуінде ғана құндақтаулы сәби болса, қалған екеуінің қолында қуыршақ екендігі белгілі болды.

«Балаға ұқсас болсын деп жөргекке мақта, мата толтырып алған. Олар осылайша оңай олжаға кенелмек болған. Соңынан белгілі болғандай, олар Қазақстанның көші-қон туралы заңын бұзып келген. Ұсталғандардың қолында жеке басын куәландыратын құжат жоқ болып шықты. Олар төлқұжаттарының тіркеуде екендігіне сендіріп бағуға тырысты. Ақпарат расталмай шықты. Сот шешімімен олар әкімшілік жазаға тартылып, елден аластатылады», — деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ӘҚК 449-бабы бойынша осындай әрекет жасағаны үшін шетелдік азаматтар 5 тәулікке қамалып, кейін елден аластатылады.



null 

null 

null