Елімізде қаңтар-тамыз айларында комбанктерден қарыз алғандардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қаңтар-тамыз айларында комбанктерден қарыз алғандардың саны артты

Елімізде қаңтар-тамыз айларында комбанктерден қарыз алғандардың саны артты

Қазақстанда республиканың экономикалық белсенді халқының жалпы санына шаққанда 1 қыркүйекке қарағанда комбанктерден қарыз алғандар саны 54% құрады,

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 464
Фото - Caravan.kz

бұл 2014 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішіне қарағанда 6,6% артық, делінген "Бірінші несиелік бюроның" шолуында.
Жеке тұлғалардың несие бойынша қарыз көлемі 3,9 трлн теңгеден 4,4 трлн теңгеге дейін артқан (12,8% артық).
Қарыз мөлшерінің өсуі қарыз алушылардың, несиелік келісімшарттардың артуына және 2015 жылы тамыз айында теңгенің айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты болып отыр, делінген шолуда.
Қарыздың басым бөлігін бұрынғыдай тұтынушылық қарыз (кепілдіксіз) құрап отыр.
2015 жылдың 1-қыркүйегіне қарағанда 200 мың қазақстандықтың ипотекалық несиесі бар.
Шолудың толық версиясын мына мекен-жайдан алуға болады, research@1cb.kz, телефон +7 (727) 300 180, 300 181, 300 182


Бірінші несиелік бюро – Қазақстанның несиелік тарихтарын сақтау және өңдеу жөніндегі оператор, онда 6,5 млн аса несиелік тарих жинақталған.