Жол-көлік оқиғасы 9 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында орын алды. Lexus-470 көлігінің 18 жастағы жүргізушісі «Өркен» шағын ауданында әйел адамды қағып кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан 41 жастағы тұрғын оқиға орнында ажал құшты.
«Көлік жүргізушісі бірнеше ай бұрын ғана жүргізуші куәлігіне ие болған. Сәйкесінше жүргізу тәжірибесі жоқ. Жігіттің сөзіне қарағанда, ол әйелді жолда көргенде абыржып, дұрыс әрекет ете алмаған», — деп мәлімдеді жол-патрульдік полицияда.
Аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.