Месси 22 айға түрмеге қамалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месси 22 айға түрмеге қамалуы мүмкін

Месси 22 айға түрмеге қамалуы мүмкін

Испанияның мемлекеттік прокуратурасы «Барселона» ойыншысы Лионель Мессиді салық төлеуден жалтарғаны үшін 22 айға қамауды талап етуде, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 9 Қазан 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Барселона прокуратурасы Мессиге қатысты барлық айыпты алып тастап, оның орнына әкесі Хорхені күдікті ретінде қалдырған болатын. Алайда Мессидің ісін жүргізіп жатқан судья футболшыға қатысты істі тергеуді жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Прокуратура Мессиді 22 айға қамауға алуды талап етуде.

Атақты футболшыға салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр.