ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, сонымен қатар ер адам анасы мен кішкентай ұлын жарақаттаған. Олар қазір реанимацияда. Өзін-өзі атқан күдіктінің де жағдайы ауыр. «Оқиға орнынан «стриммер» маркілі калибрі 9 мм травматикалық тапанша, үш гильза, екі патрон, спорттық гантель және электрошокер табылып, тәркіленді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 30 жастағы Түркістан тұрғыны мұндай ауыр қылмысқа қызғаныштың кесірінен барған. Қазір ҚР ҚК 99 бабы «Адам өлтіру» бойынша сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыс 10 қазанда жасалғаны аталып өтілді.