Бұл туралы ТАСС ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ирак ӘӘК-нің батыс Анбар провинциясында ИМ колоннасына авиашабуылы нәтижесінде оның басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жараланды, сондай-мақ оның үш орынбасары — аш-Шишани, ас-Сури және Әбу Саид әл-Карбули жойылды», — делінген агенттіктің хабарламасында.
«Аш-Шишани ИМ-де насихат мәселелерін басқарды ал-Карбули үздік далалық командир болды. Сондай-ақ ИМ басшылары Әбу Анис ас-Суридің, Омар мен Әбу Камальдің көздері жойылды», — деп оқиғаның мән-жайын баяндады агенттік.
Дәлме-дәл соққы әл-Бағдади бастаған колонна Әл-Карабелех қалашығына кездесуге бағыт алғаны жайлы барлау ақпараты алынғаннан кейін жасалды.