Өткен маусымда ол Испания чемпионатында 35 матч өткізіп, бір маусымда 48 рет доп кіргізіп, жеке рекордын орнатқан.
«Мен үшін өте маңызды күні осында келгендердің бәріне рахмет. Төртінші «Алтын бутсыды» алу — үлкен құрмет. Бұл — мен үшін өте маңызды олжа. Командадағы серіктестеріме және жақсы физикалық жағдайда болуыма көмектескен барлық адамдарға рахмет айтамын. Бірақ мен үшін бұл жеткілікті емес. Бесінші, алтыншы «Алтын бутсыларды» алғым келеді», — деп жазады Роналдуның сөздерін «Спорт-Экспресс».
Бұған дейін Роналду «Алтын бутсыды» 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы ретінде және 2011 және 2014 жылдары «Реал» үшін ойнағанда алған.