Туымызды әлемдік бәсекелерде биіктен көрсеткен спортшылардан құралған «Ұлы Дала батырлары» командасы Қазақстан эстрадасының әншілері атынан өнер көрсеткен «Алатау» футбол командасын 3-1 есебімен жеңді, деп хабарлады baistars.kz.
«Алатау» футбол командасында елдің сүйікті өнерпаздары: «МузАРТ», «Арай», «Нұр-Мұқасан», «RinGO», «Mysterions» топтары және Жұбаныш Жексенұлы, Тәуекел Мүсілім, Нұржан Керменбаев, Мэлс Сағат, Ғаділбек Жанай болса, спортшыларымыздың атынан «Ұлы Дала батырлары» командасының сапында: Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибраимов, Ислам Байрамуков, Шалқар Жоламанов, Серік Сәпиев, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Ұлан Рысқұл, Мұхит Тұрсынов сияқты спортшылар жарысты.
Айта кетейік, жолдастық кездесуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «ALASH-Production» агенттігі ұйымдастырды.