Таразда іс-түссіз жоғалған 13 жасар қыз анасымен Сирияға соғысқа кеткен болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда іс-түссіз жоғалған 13 жасар қыз анасымен Сирияға соғысқа кеткен болуы мүмкін

Таразда іс-түссіз жоғалған 13 жасар қыз анасымен Сирияға соғысқа кеткен болуы мүмкін

Оралда жұмбақ жағдайда 13 жастағы қыз жоғалып кетті. Мәліметтерге қарағанда, жетінші сынып оқушысын өзінің анасы Сирияға алып кетуі мүмкін.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Ділназ Әділова күзгі демалыстан соң білім ошағының табалдырығын аттап баспаған. Вахталық жұмыста істейтін әкесі мен қызы арасында бірнеше күн бойы байланыс үзіліпті. Шұғыл үйіне оралған отағасы не қызын, не әйелін таппай жер сипап қалған. Сөйтіп бүкіл күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызып, іздеу салып жатыр. Ал мектеп ұжымы бұлардың діни ұстанымдағы отбасы екенін айтуда. Әзірге жағдайға қатысты ресми орындар жақ ашпай отыр. Іздеу жұмыстарының нәтижесі айтылмағанымен, жоғалғандардың қайда жүргені белгілі секілді. 

Тамара Мұрадимова, мектеп директоры:

-Құқық қорғау орындарының хабары бойынша, қызымыз 5-ші қараша күні, Мәскеу арқылы Сирияға кеткен. Ол енді құжат жоқ, бірақ ауызша айтқан осындай мәлімет бар.