Тәжікістанда болған жойқын жер асты дүмпуі елімізге дейін жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікістанда болған жойқын жер асты дүмпуі елімізге дейін жеткен

Тәжікістанда болған жойқын жер асты дүмпуі елімізге дейін жеткен

Бүгін Тәжікстанда күші 7 балдан асатын жер сілкінісі болды. Дүмпу  толқыны еліміздің оңтүстік өңірлеріне дейін жетті.       

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

Зілзала кіндігі Тәжікстанда тіркелгенмен, күші Орта Азия елдерінің барлығына сезілді. Жойқын жерасты дүмпуі салдарынан Тәжікстанның оңтүстігіндегі бүкіл мекеме жұмысын тоқтатқан. Зәресі ұшқан жұрт үйлерін тастай қашты. Тіпті бірнеше сағат бойы ғимараттарға кірмей, сыртта жүрген. Жергілікті телеарналар алып ғимараттардың өзі шайқалғанын айтып сәт сайын ақпарат таратуда. Тәжікстан тауларынан тараған зілзала толқыны біздің елде де сезілді. Шымкент пен Таразда жер 2-3 баллмен қозғалса, Алматыда одан сәл бәсеңдеу — 2 баллға жетер жетпес. Десе де, үрейі ұшқан тұрғындар зілзаланы телефонға түсіріп, ғаламторға бірінен соң бірі таратып жатыр.