Атақты боксшы Пакиао парламент сайлауына қатыспақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты боксшы Пакиао парламент сайлауына қатыспақ ниетте

Атақты боксшы Пакиао парламент сайлауына қатыспақ ниетте

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакиао  сәуірде американдық Тимоти Брэдлимен өтетін айқас өзінің спорттық жолындағы соңғы жекпе-жек болатындығын растады.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Мен бокстан кетемін және саясатқа араласпақпын. Тимотимен айқас ең соңғы болады»,-деген Пакиаоның сөзін келтіреді A Bola.

Атақты боксшы Филиппин парламентінің мамырда болатын сайлауында бағын сынап көрмекке ниеттеніп отыр.

37 жастағы Мэнни Пакиао -сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Кәсіби бокста ол 65 айқас өткізіп, оның 57-сінде жеңіске жетті, оның ішінде 38 -нокаут,алты кездесуінде жеңілді және екі жекпе-жекті тең аяқтады.