Головкинді Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін қорғауға міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкинді Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін қорғауға міндеттеді

Головкинді Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін қорғауға міндеттеді

Қазақстандық Геннадий Головкин сәуір айында Багама аралдарының өкілі Туреано Джонсонмен кездесіп, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын міндетті түрде қорғауы тиіс, деп хабарлады  «Р-Спорт» агенттігі IBF баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 438
Фото - Caravan.kz

WBA (Super), IBO және WBC (interim) нұсқалары бойынша чемпион атанған Головкин қазан айында өткен өзінің соңғы кездесуінде канадалық Давид Лемьені нокаутқа жіберіп, IBF белбеуіне иеленді. Бұл 33 жастағы қазақстандық үшін 34 кездесудегі 34-ші жеңіс (31 нокаут) болды. Осыған дейін  Головкин 23 сәуірде Нью-Йоркте шаршы алаңға оралатыны жайлы хабарланды.

«Головкин сәуір айында Туреано Джонсонмен жекпе-жекке шығып, IBF белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс. Бұл кездесу әлі келісілген жоқ», — деп мәлімдеді IBF.


31 жастағы  IBF белбеуіне міндетті үміткер Джонсон 19 рет жеңіске жетіп (13 нокаут), бір рет жеңілген.