Өткен аптада ФИФА-ның этика бойынша комитеттің тергеу бөлімі Валькені футбол саласындағы жұмыстан тоғыз жылға шеттету ұсынысын жасады. 2015 жылдың қыркүйегінде ол 90 күнге футбол қызметінен уақытша шеттетілді, 2016 жылдың 6 қаңтарында бұл мерзім тағы 45 күнге ұзартылды.
Өткен жылдың күзінде ФИФА Валькенің Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатының билеттері әлдеқайда қымбат бағаларға сатылуына қатысы жайлы белгілі болды.
Сонымен қатар, АҚШ билігі 2008 жылы Валькеге ұйым шотынан 10 млн доллар ақшаны ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Джек Уорнердің шотына ауыстырды деген айып тақты.