Жарысқа барлық облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан СШК төмен емес дайындығы бар, ең төменгі жас — 1998 жылғы (ер/әйел) спортшылар қатыса алады, деп хабарлады Грек-рим, еркін, әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметінен.
8 салмақ санатындағы палуандардың күресіне Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия, Беларусьтен келген судьялар төрелік етеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР МСМ кубогы, диплом, медальдармен марапатталады.