Актер Джимми Моралес Гватемала президенті болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актер Джимми Моралес Гватемала президенті болып сайланды

Актер Джимми Моралес Гватемала президенті болып сайланды

Бүгін комедиялық актер Джимми Моралес ресми түрде Гватемала президенті қызметіне кірісті, деп жазады RT.

  • 15 Қаңтар 2016
  • 579
Фото - Caravan.kz

Елдің ұлттық театрында өткен салтанатты ұлықтау рәсімінде Моралес ант қабылдап, президент лентасын алды. РИА Новости-дің хабарлауынша, 46 жастағы Моралес елдің бұрынғы президенті Отто Перестің сотталуына әкеп соққан кедендік қызметтегі ірі жемқорлық жанжал негізінде билікке келген. Өзінің сайлауалды бағдарламасында актер, бизнесмен әрі 4 баланың әкесі жемқорлық және аштыққа қарсы күресемін деп сөз берді.