Қостанай облысында табылған белгісіз жәндік жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында табылған белгісіз жәндік жұртты шошытты

Қостанай облысында табылған белгісіз жәндік жұртты шошытты

Қостанай облысында көмірдің арасынан табылған белгісіз жәндіктің не екенін ешкім біле алмай жатыр. Биологтар оны тек ДНК сараптамасы арқылы ғана анықтауға болады дейді.

  • 16 Қаңтар 2016
  • 551
Фото - Caravan.kz

Беймәлім тіршілік иесін Бағаналы ауылы мектебінің от жағушылары тауып алған. Әуелі көмірдің арасынан пішіні бөтелкеге ұқсас белгісіз жұмыртқа шыққан. Оны күрекпен жарса, ішінен мына құртқа ұқсас, бірақ үлкен жәндік шығыпты. Мамандардың айтуынша, бұл шынымен де ерекше тіршілік иесі болуы мүмкін. Бірақ, ДНК сараптамасынсыз мардымды ештеңе айта алмаймыз дейді олар. Бір қызығы, оның 30 градустық аязға қалай шыдап жатқаны түсініксіз.

Андрей Андрюшенко, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің қызметкері:

-Біз барып қарағанда ол қозғалыссыз жатты. Аузында екі қатар тістері болғанын айтады, бірақ біз көрмедік. Өйткені, әбден көмір күйесімен бүлінген. Ал терісі кәдімгі жәндіктікі. Шыққан жұмыртқасы да тірі жаратылысқа тиесілі.