Дариға Назарбаева отандық телеарналарда экономикалық сараптамалардың жоқтығына қынжылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева отандық телеарналарда экономикалық сараптамалардың жоқтығына қынжылды

Дариға Назарбаева отандық телеарналарда экономикалық сараптамалардың жоқтығына қынжылды

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Дариға Назарбаева бүгін тағы бірқатар жоғарғы оқу орындарын аралады. Ұстаздармен кездескен вице-премьер оқу ордаларындағы білім сапасын жақсарту керектігін айтты. Әсіресе, журналистика факультеті салалық тілшілерді даярлау керек деді ол. Себебі, нақты тақырыптарға сараптама жасай алатын маман тапшы. Дариға Назарбаева оқу ордаларының басшыларына басқа да тапсырмалар берді. 

  • 16 Қаңтар 2016
  • 293
Фото - Caravan.kz

Білім саласына баса мән беретін Дариға Назарбаева бүгін Қазақ Ұлттық университетіне барды. 18 мың шәкірт білім алатын оқу ордасында студенттер мен ғалымдардың бірлесіп жасаған жобалары жетерлік. Солармен танысқан вице-премьер тың жобаларды қағаз жүзінде қалдырмай, өндіріске қосу керек деді. Гуманитарлық факультет ұстаздарына да арқаны кеңге салуға болмайды. Қазіргі ақпараттық технология заманында журналистерді де үш тілде даярлау керек деді Дариға Назарбаева. Тіпті әр тақырыптың жілігін шағып, майын ішетін тілшердің тапшы екенін де сөз етті.

Бізде факультетімізде беріп жатқан білімнің сапасы халықаралық стандартқа сәйкес пе?

-Халықаралық стандартқа сәйкес деп айтала аламыз. Ал журналистика факультетінің түлектерінің сапасына байланысты бізге қатысты деп ойлаймын. Өйткені бізде журналистика мамандығын 21 жерде дайындайды.

Сондай-ақ, вице-премьер сауатты сараптама жасай алатын салалық журналистердің де жетіспейтінін жеткізді. Сондықтан бұдан былай талай тілші тәрбиелеген журналистика факультеті студенттердің бейіміне қарай экономика, медицина, құқықтану пәндерін де тереңдетіп оқытуы мүмкін. 

Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Біздегі телеарналарда мүлдем сараптама жоқ. Себебі, оны жасайтын маман тапшы. Қазіргі уақытта халыққа экономика, валютаны реттеу, қаржы саласын түсіндіру  өте өзекті. Көрермен соны күтеді. Бірақ біз тек баяндаудан аса алмай отырмыз.

Қазақ Ұлттық университеті негізінен гуманитарлық бағытта екені баршаға аян. Сондықтан вице-премьер білім ошағында медициналық факультет ашудың қаншалықты қажет екенін сұрады. Бұған ректордың жауабы дайын екен.

Ғалымқайыр Мутанов, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:

-Әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің барлығында медицина факультеттері бар. Тіпті техникалық білім беретін оқу орындары да бұл салаға мән береді. Сондықтан бізде Оңтүстік Кореямен бірлесе отырып осы мамандықты ашып отырмыз.

Дариға Назарбаева Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетке де барды. Мұнда ұстаздар қауымымен жолығып, оқу ордасындағы білім беру жүйесімен танысты. Ал құрметті қонаққа студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сыйға тартты.