Шымкентте тежегіші істен шыққан автобус ірі жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тежегіші істен шыққан автобус ірі жол апатына себепкер болды

Шымкентте тежегіші істен шыққан автобус ірі жол апатына себепкер болды

Шымкентте бір мезетте 10 көлік соғысып 20-ға жуық адам түрлі  жарақатпен ауруханаға түсті. Ірі жол апатына тежегіші істен шыққан автобус себеп болған.

  • 16 Қаңтар 2016
  • 239
Фото - Caravan.kz

–Кептеліс болып тұрған ғой. Содан кейін алдымда машина тұрған.  Бір кезде қарасақ артымыздан мына автобус бәрін түйіп келе жатыр. Мына автобус тұрып қалды абырой болғанда.

Оқыс оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында жұрт жұмыстан қайтқан сәтте болыпты. Ауруханаға түскен 19 адамның екеуі бала. Соққыдан автобустың есігі ашылмай қалса керек. Қайта, жолай өтіп бара жатқан жүргізушілер қоғамдық көлік ішінен зардап шеккендерді шығарып алған. Қазір, осы жағдай үшін айыпталған 45 жастағы автобус жүргізушісі тергеушілерге жауап беріп жатыр. Ал дәрігерлер адамдардың мұндай апаттан аман қалғаны таңғаларлық жағдай дейді.