Қазақстанда электрондық база көмегімен автокөліктің ЖКО түскен-түспегенін тексеруге болады, деп хабарлайды Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.
Дүйсенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, жаңа қызмет түрі комитет сайтында пайда болған.
Ол үшін қолданушы «Ақпараттық сервис» бөлімінде «Көлік құралының ЖКО-ға қатысы туралы ақпарат» сілтемесі бойынша машинаның нөмірін енгізуі керек, сол кезде ол ЖКО болған күні, маркасы, ЖЖЕ бұзылуы, зардап шеккендер саны туралы мәлімет ала алады, тек жеке мәліметтер көрсетілмейді», — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, комитет сайтындағы ақпараттық сервис арқылы азаматтар айыппұлды да төлей алады.
"Өткен жыл бойы е-Айыппұл төлем жүйесін құр бойынша жұмыстар жүргізілді. Енді комитеттің әкімшілік базасына әр айыппұлдың төлем реквизиттері енгізіледі. Ол бойынша керекті айыппұлды тауып алып, оның төленгенін растауға болады", — деп айтылған хабарламада.