Тыйым салынған дәрілерді шекарадан өткізу жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тыйым салынған дәрілерді шекарадан өткізу жолы кесілді

Тыйым салынған дәрілерді шекарадан өткізу жолы кесілді

Қазақстан-ресей шекарасында тиісті құжаттары болмаған медициналық препараттарды өткізу жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

  • 18 Қаңтар 2016
  • 255
Фото - Caravan.kz


«Семей» шекаралық жеке тексеріп өткізу пунктінің «Ауыл теміржол» көліктік бақылау бөлімшесінің шекарашылары қаңтардың 17 күні «Новосібір-Алматы» бағытында қатынайтын № 301 пойызды кестесінен жарты сағатқа тоқтатып қоюға мәжбүр болды. Оған себеп, № 2 вагонның жолсерігінен қажетті құжаттары жоқ, дәрігерлердің қатаң күшейтілген рецептерімен ғана берілетін, ФАРМ-бақылаудан өтпеген, Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектердің табылуы болды.

Пойыздың тоқтатылуы жөнінде акт жасалынды. Тыйым салынған дәрілерді әкеле жатқан жолсерік Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылмақ. Бұл іспен Семей қаласының ФАРМ-бақылау мекемесі айналысуда.