БҚО-да ірі жол апатынан қаза болғандар саны бесеуге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да ірі жол апатынан қаза болғандар саны бесеуге жетті

БҚО-да ірі жол апатынан қаза болғандар саны бесеуге жетті

Кеше Орал-Ақсай жолы бойында Теректі ауданы Колузанов ауылы тұсында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.

  • 18 Қаңтар 2016
  • 440
Фото - Caravan.kz

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Подстепный-Елек жолының 24-шақырымында Ақсайға бет алған «Volkswagen Sharan» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Lada Priora» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «Lada Priora» автокөлігі жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Соның ішінде алты жасар қыз бала ауруханаға жеткізілгенмен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады.


Бүгін «Volkswagen Sharan» автокөлігінде отырған 1961 жылғы әйелдің де Теректі аудандық ауруханасында көз жұмғаны белгілі болды. Тағы үш адам дене жарақаттарын алған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.