-Біреуін ұрайық болды. Тоқта ей, соғыстырамыз. Мына алқаш ұрып жатыр ғой. Біздің Зарина деген алқашымыз.
Күллі елді шошытқан әке шамамен 7-8 және 3 жасар қос қызына арақ құйып, бірге ішеді. «Әлі мас болмадым» деген үлкені тағы ащы су сұрап, 3 стакан арақты қылғыта салады. Ал әкесі болса балаларын «алқаш» деп, әйелімен дастархан басында мәз боп отыр. Алайда, видеоны көргендер қыздар арақ емес, су ішкен десе, кейбірі ата-анасы алдап дәрі езіп берген деп болжайды. Тіпті қызық үшін түсірген дейтіндер де табылып жатыр. Бірақ, көпшілік қыздарын жаман әдетке үйір қылған әкені ата-аналық құқығынан айырып, жазалауды талап етуде.
—Ішпейсіңдер. Ішеміз. Соғыстырыңдар енді. Анау бірден ішіп қойды.