Қайғылы оқиғаға ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Көктайғақта екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылыпты. Лада Приораның жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде жан тапсырған. 6 жасар қыз 40 шақырым жердегі ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер көмек көрсетіп те үлгенмей жан тапсырды. Ал екінші көлікте қысылып қалған адамдарды шығару үшін құтқарушылар шақыруға тура келген.