Қазақстандық компания 14 мың долларлық бір қорап шоколад ұсынды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компания 14 мың долларлық бір қорап шоколад ұсынды (ВИДЕО)

Қазақстандық компания 14 мың долларлық бір қорап шоколад ұсынды (ВИДЕО)

Алматыда қазақстандық The Ross Limited компаниясы  14000 доллар тұратын қымбат бір қорап конфет ұсынды.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 341
Фото - Caravan.kz

Шоколадтың әр тілімі таза жанартаулық шыныдан жасалған алты бұрышты қорапшаға салынған. Коллекцияда түрлі геометриялық пішімдегі   6 тілім бар. 585 сынама алтынмен безендірілген.

Оның 4 қыры отты, 8 қыры ауаны, текшесі — жерді, 20 қыры суды және дөңгелек — бос кеңістікті білдіреді.

Шоколадтың мың данасы шығарылғаны хабарланып отыр.

Кондитерлердің бұл конфетті шығаруына Вивьен Ли, Мэрилин Монро және Одри Хепберн жұлдыздары әсер еткен.

Алтынмен көмкерілген қораптың жоғары сапасы нарықтық құнын 14 000 долларға дейін көтеріп жіберді.


The Ross Limited компаниясының негізін қалаушы — 23 жастағы Әділхан Сартаев.