ШҚО-да вагоннан 160 мырыш құймасын ұрлағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да вагоннан 160 мырыш құймасын ұрлағандар ұсталды

ШҚО-да вагоннан 160 мырыш құймасын ұрлағандар ұсталды

Полиция теміржол жүк вагонынан 160 дана «мырыш құйманы» ұрлаған 4 жігітті ұстады. Металдың жалпы құны 1 млн теңгеге бағаланып отыр.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 294
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қаңтарда Семей стансасының Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шар стансасында жүк вагондарынан 160 мырыш құймасын ұрлаған 4 жігітті ізін суытпай ұстаған.

Аталған қылмыс ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Ұсталғандар аталған қылмысқа қатысты өз кінәларын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.