Күрт түскен мұнай бағасы көтеріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күрт түскен мұнай бағасы көтеріле бастады

Күрт түскен мұнай бағасы көтеріле бастады

Ираннан санкция алынғаны туралы жаңалықтардан соң мұнай бағасының құлдырап кеткені белгілі, алайда қазір мұнайдың әлемдік бағасы аздап өсті, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 245
Фото - Caravan.kz

Сағат 11.09-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіздің мұнай қоспасына наурыздық фьючерс құны барреліне 28,98 долларға дейін белгіленіп, баға 0,8 пайызға өсті. WTI маркалы мұнайға наурыздың фьючерс бағасы — 0,07 пайызға — барреліне 30,41 долларға жетті.

Қара алтын құнына инвесторлардың мұнай нарығына иран мұнайының қайтып оралуына байланысты нарықтағы ұсыныстың шамадан тыс көп болатыны туралы қауіптенуі ықпал еткен, бұл әсер әлі де жалғасуда.