Қазақстанда «шошқа тұмауынан» 1 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «шошқа тұмауынан» 1 адам қайтыс болды

Қазақстанда «шошқа тұмауынан» 1 адам қайтыс болды

Қазақстанда А(Н1N1) вирусынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. 

  • 19 Қаңтар 2016
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда А(Н1N1) штамынан («шошқа тұмауы») 1 адам қаза тапты», — деп атап өтті ол. 

Оның сөзі бойынша, аталмыш оқиға дәрігерлерге кеш xабарлаудан орын алды. 

«Егер дене қызуы қатты көтеріліп, жөтел пайда болса, өзін-өзі емдеумен айналысуды доғару қажет және дәрігерлерге жүгіну керек. Шошқа тұмауының адам ағзасына әсері өте қатты, сондықтан оны қолмен емдеу мүмкін емес», — деді бас санитарлық дәрігер. 

Айта кету керек, республика аумағында А(Н1N1), А(Н3N2) және В тұмау вирустары тұрақты айналымға енген. Республиканың барлық өңірлерінде тұмау вирустарының зертxаналық расталған 270 жағдайы тіркелген.