"Мешіт тек Құран оқып, намаз өтеп кететін құлшылық үйі ғана емес, ол жерде жастарымыз білім мен тәлім тәрбие алады. Біз қашанда мешіттеріміздің құлшылық орны ғана емес, діни-рухани орталыққа да айналуын мақсат етеміз. Мешіт жамағаты ұйымшыл, ынтымағы мен бірлігі күшті, иманы бекем болса, сол халықтың іргесі бекем, бақытты болады", – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Мешіттің ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Бағдат Мәнізоров ауданда осымен 11-ші мешіттің пайдалануға берілгенін жеткізді.
"Дархан» ықшам ауданында тұратын азаматтардың демеушілігімен міне осындай зәулім мешіт халықтың игілігіне беріліп отыр. Мұның барлығы тәуелсіздігімізд
Ал "Дархан" ықшам ауданының тұрғындары жаңа мешіттің ашылғанына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
"Алла Тағала ұрпағымызды қашанда ислам дінінде толыққанды өмір сүруге нәсіп етсін. Дініміз қуатты болсын. Алла, елімізге ырыстық, жерімізге тыныштық бересін! Жер мен көктен келетін әр түрлі қауіп-қатерден, жалындаған оттан, дауасыз дерттен сақтасын", — деп ағынан жарылды 1991 жылы Моңғолия жерінен көшіп келген жергілікті ақсақал Отай Рахатұлы.
Сондай-ақ жергілікті тұрғын Батырханова Несіпхан апа жаңа мешіттен жергілікті жастар діни сауатын ашып, тәлім-тәрбие алатынын айтып қуанды.
"Мешіттің ашылуы біз үшін үлкен қуаныш қой. Енді жаңа мешіттің жамағаты да игілігі де көп болсын. Береке-бірлігімі
Айта кетсек, «Дархан» ауылдық мешітінің бас имамы болып Темірбек Бекмағамбетов бекітілді. Ол Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетінен білім алып, Мысыр және Пәкістан елдерінде тәжірибеден өткен. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін Көкшетаудағы Науан Хазірет орталық мешітінде наиб имам болып қызмет атқаған.